Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөліктің бөлшегін ұрлаған шымкенттік қолға түсті

Автокөліктің бөлшегін ұрлаған шымкенттік қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына “102” нөмірі арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу жеке үйінің ауласына жасырын түрде кірген. Ол аулада тұрған Toyota Land Cruiser маркалы автокөліктің құны 600 мың теңге тұратын катализаторын ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен.

Қаратау ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Оның басқа да ұрлық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру