Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автожолда “Уаз” жүргізушісі қарсы қозғалыстағы жолға шығып, көлікпен соқтығысты

Ақтөбе облысының автожолында “Уаз” жүргізушісі қарсы қозғалыстағы жолға шығып, көлікпен соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қараша күні “Уаз” автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Хромтау қаласы бағытында Ақжар кентінің жанындағы “Самара-Шымкент” автожолының 790 шақырымында келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, 69 жастағы зейнеткердің басқаруындағы “Опель-Вектра” автокөлігімен соқтығысқан.

ЖКО нәтижесінде екі жүргізуші де Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Полиция департаменті көліктің қауіптілігі жоғары екенін еске салады. Сондықтан, көлікті басқара отырып, қауіпсіз жылдамдықты таңдау және жол-метеорологиялық жағдайларды ескеру керек, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығуға байланысты қауіпті маневрлерден аулақ болу керек.

Жол ережесін сақтаңыз! Өзіңізді және жол қозғалысының басқа қатысушыларын қорғаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру