Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер қысқы маусымға дайындалу қажеттігін еске салды

Түркістандық полицейлер қысқы маусымға дайындалу қажеттігін еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-нің қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, қыс мезгілінің келуіне байланысты және жол көлік оқиғаларының алдын алу максатында, тұрғындардың жүк көлік немесе автокөліктерінің доңғалақтарын аязға төзімді, қысқы маусымдыққа ауыстыру қажеттігін айтып өтті.

Түркістан облысы полицейлері ауа райының күрт суытып, көшелерде қауіпсіздікті сақтау үшін, жүргізушілер көлік доңғалақтарын қысқы шиналарға шұғыл ауыстыру қажет екендігін көрсетті.

Ауыстырылмаған жағдайда, Әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын назарларыңызға саламыз (5 АЕК).

Сондай-ақ, полицейлер жаяу жүргіншілерге де көлік құралынан қауіпсіз ара қашықтықты сақтап, тек белгіленген орыннан өту қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру