Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аялдамада павлодарлықтардың мазасын қашырған мас әйелге хаттама толтырылды

Аялдамада павлодарлықтардың мазасын қашырған мас әйелге хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 ақпанда Торайғыров көшесіндегі жылытылатын автобус аялдамасында қала тұрғыны теріс қылықтың барлық түрін көрсетті. Кешке көңілді мерекеден оралған әйел үйге автобуспен баруды шешті. Жылытылатын аялдамаға кіріп, ол өз автобусын күтіп тұрған адамдарға тиісе бастады.

– Қатты күледі, айқайлайды, өзін дұрыс ұстамайды. Оның қолында бір бөтелке алкоголь бар, – деді полицияға шағымданған қыз.

Қоңырауды алған тәртіп сақшылары бірнеше минуттан кейін аталған мекенжайда болды. Олар да қала тұрғынының теріс мінез-құлқына куә болды.

Полиция мас әйелді уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді. Одан алкогольдік масаңдықтың ”орташа деңгейі” анықталды. Сондай-ақ, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, соған сәйкес жауапқа тартылады.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері өңірдің 924 тұрғыны қоғамдық жерде мас күйде жүргені үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру