Бәйдiбек аудандық пробация қызметiнің есебiндегі 3 сотталған жұмысқа орналасты
Бәйдiбек аудандық пробация қызметiнің есебiндегі 3 сотталған жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтарды жұмыспен қамту және жұмыссыздық көлемiн азайту, сондай-ақ әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсету мақсатында Бәйдiбек аудандық пробация қызметiмен бiрқатар iс-шаралар атқарылды.
Сотталған адамның қоғамға бейiмделуi үшiн және оның қалыпты өмiр сүруге жылдам бейiмделуiне еңбектiң маңызы өте зор. Еңбек ету арқылы тұлға өзiнiң қоғамға қажеттiлiгiн сезiне отырып, әлеуметтiк жағдайын жақсартады. Соның салдарынан сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау дерегi азаюда.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы және Түркiстан облысы бойынша Бәйдiбек аудандық пробация қызметi бөлiмшесiнiң есебiнде 54 сотталған есепте тұр. Оның iшiнде жұмыссыз 3 сотталған жұмыспен қамтылған.