Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері арасында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері арасында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ЕС-164/9 мекемесі – Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қарасты бөлімше, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық бөлімшесі болып саналады.

Бұл мекеме – орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден ауыстырылған, оң мiнездемесі бар сотталғандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша төмен мекеме болып саналады.

Қызметкерлердің міндетіне сотталғандарды бақылаумен қоса, кризистік жағдайларда мекеме аумағын және объектілерді қорғау кіреді.

Осыған орай ЕС-164/9 мекемесінде жеке құраммен оқу-жаттығу сабақтары өткізілді. Онда мекемеге жасалған шабуылға тойтарыс беру бойынша қызметкерлердің әдістері мен іс-әрекеттері шыңдалды. Мекемеде мұндай сабақтар үнемі жүргізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру