Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бәйдібек тұрғыны үйінің ауласына 17 түп есірткі еккен

Бәйдібек тұрғыны үйінің ауласына 17 түп есірткі еккен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек АПБ-нің 102 нөміріне хабар келіп түскен. Онда жергілікті тұрғынның бірі өз ауласында есірткі затын өсіретіндігі және сақтайтындығы туралы айтылған. Полиция қызметкерлері аталған хабарламаны ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша СДТТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден бағытталды. 

ТО ЕҚҚІҚБ мен бәйдібектік тәртіп сақшылары есірткі қылмысының алдын алу бойынша аталған мекенжайға барды. Осылайша күдіктінің үйін тінту барысында үйінің баубақшасында 17 түп өсіп тұрған есірткі өсімдігіне ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сонымен қатар үйінің қонақ бөлмесіндегі терезесінің бұғатына жасырылған газетке оралған жасыл түсті, ұнтақталған есірткі заты табылды. Полицейлер күдіктінің үйінен алынған есірткі заттарына сараптама тағайындады. Қорытындысына сәйкес ұсынылған заттар 17 түп “сора” есірткі заты екені белгілі болды. Сонымен қатар газетке оралған есірткі затының жалпы салмағы 1,39 гр “кептірілген марихуана” болып шықты.

Қазіргі таңда бұрын сотты болған күдікті азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру