Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полицейлері зейнеткерге ұрланған велосипедті қайтарып берді

Қарағанды полицейлері зейнеткерге ұрланған велосипедті қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 шілдеде 76 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті ұрлап кеткенін айтты. Шығын мөлшері 59 мың теңгені құрайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 21 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, ұрланған велосипед тәркіленіп, зейнеткерге қайтарылды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру