Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда қонақ болып келген әйел телефон ұрлап кетті

Теміртауда қонақ болып келген әйел телефон ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 шілдеде 44 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласының Ескіқалалық полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші жақын таныс емес бір әйелді қонаққа шақырған. Әйел кеткеннен кейін пәтер иесі ұялы телефонның жоғалып кеткенін анықтады. Шығын мөлшері 65 мың теңгені құрайды.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 33 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Ол мойындап, айғақты зат – ұялы телефон тәркіленді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру