Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта полицейлер жоғалған жасөспірімді тәулік ішінде тапты

Сарыағашта полицейлер жоғалған жасөспірімді тәулік ішінде тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға таңғы сағат 09:00 шамасында Еңкес ауылының тұрғыны 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Оның айтуынша 17 жастағы баласы белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған. Сондай-ақ әкесінің өз баласын іздеп жүргеніне төрт тәулік болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.

Сарыағаш АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы Мичурина ауылында досымен жүрген жерінен тапты. Белгілі болғандай, жоғалған бала үйіндегілерімен сөзге келіп кетіп қалған.

Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне қайтарылды.

– Баламның із-түзсіз жоғалып кеткеніне төрт күн болды. Ары іздеп, бері іздеп, таппаған соң,  полицейлерге хабарластым. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын, – деді әкесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру