Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқап қана қоймай, тыңдай білу маңызды: ювеналды полиция қызметкерінің бір күні

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Мұхаммед Слямовтың жұмыс күні қаланың жедел жағдайын бағалап, күннің негізгі міндеттерін айқындаудан және жұмыс бағытын жоспарлаудан басталады. Одан әрі оның күнделікті қызметі — қала көшелері, қоғамдық орындар және ерекше назарындағы жасөспірімдермен жұмыс. Полиция қызметкерінің қызметтегі бір күні туралы Polisia.kz сайтынан оқыңыздар.

Полицейдің бүгінгі бағыты — аулалар, саябақтар, жаяу жүргіншілер аймақтары, компьютерлік клубтар және жастар жиі жиналатын өзге де орындар. Мұнда инспектор тек қоғамдық тәртіпті бақылап қана қоймайды. Ол балалармен әңгімелесіп, жағдайын сұрайды, қауіпсіздік талаптарын түсіндіреді және ойланбай жасалған әрекеттің ықтимал салдары туралы ескертеді.

Жасөспірімдермен жұмыс барысында ашық әрі сенімді әңгімелесудің маңызы зор. Әр бала форма киген адамға бірден сеніп, ішкі ойын ашық айта бермейді. Сондықтан асықпай тыңдау, жағдайды түсінуге тырысу және содан кейін ғана дұрыс бағыт-бағдар беру — инспектор жұмысының маңызды бөлігі.

Кейде сырттай қарапайым көрінген әңгіменің астарында бірден байқала бермейтін мәселе жатуы мүмкін. Осындай сәттерде баладан теріс айналмай, оны тыңдап, қолдау көрсете алатын адамның жанында болуы аса маңызды.

Мұхаммед Слямовтың әр жұмыс күні қозғалысқа, түрлі кездесулерге және жасөспірімдермен қарым-қатынасқа толы. Оның қызметі тек бақылаумен шектелмейді. Қажет кезде баланың жанынан табылып, оған көңіл бөлу, қолдау көрсету және дұрыс бағыт сілтеу де ювеналды полиция инспекторының маңызды міндеттерінің бірі.

Баланың қауіпсіздігі — оны байқап қана қою емес, ең алдымен тыңдай білуден басталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру