Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балаларды қорғау күні қарсаңында Ақмола полицейлері мерекелік іс-шаралар өткізді

Балаларды қорғау күні қарсаңында Ақмола полицейлері мерекелік іс-шаралар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 мамырында Ақмола облысында «Назар аударыңыздар! Балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Науқан аясында және балаларды қорғау күні қарсаңында полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Зеренді ауданының бастауыш сынып оқушыларына сабақ өткізіп, балаларға демалыс кезіндегі тәртіп ережелерін түсіндірді.

Мерекелік іс-шара барысында «Жол қозғалысы ережелерінде демалыс жоқ» ойыны балалардың көңілінен шықты. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен ойынға қатысты, қызықты сыйлықтар табысталды. Белсенділігі үшін 50 бала жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Аслан Қызбикеновтен түрлі сыйлықтар алды.

Полицейдің айтуынша, жазғы кезеңнің басталуымен үлкен мәселе туындайды – бұл жазатайым оқиғалар. Өткен жылы облыста жазатайым оқиғалар кезінде 29 бала қаза тапты, оның ішінде 17-сі жазғы кезеңде. Биылғы жылы балалардың өліміне әкеп соққан 6 жазатайым оқиға тіркелді. Барлық жағдайда қайтыс болған балалар ата-аналарының қарауынсыз жалғыз қалған.
Сондықтан ата-аналар мен балалар бірде-бір теріс қылық, бірде-бір ережені бұзу үкім мен талқылаусыз қалмауы керек екенін түсінуі керек.


Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов балаларды құттықтап, мұндай іс-шаралар оң нәтиже беретінін атап өтті. Жергілікті полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлеріне мерекені тамаша ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.

Жалпы пікір бойынша, жарыс бастамашылары балаларға қуаныш пен күлкі сыйлап, мерекелік атмосфераны құруда тамаша өнер көрсетті. Бұл балаларға арналған іс-шара мақсатының негізгі құрамдас бөлігі болды!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру