Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері балаларға жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді

Павлодар полицейлері балаларға жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының полиция қызметкерлері жазғы демалыс уақытында балаларға үйдің ауласында және жол бойында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірді. Мектеп алаңдарында полиция қызметкерлері оқушылармен бірге қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, жаяу жүргіншілер өткелінде қалай дұрыс жүру керектігін көрсетті.

Павлодар қаласының ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев мектеп оқушыларына велосипед тебу үшін қорғаныс құралдарын қолдану керектігін еске салды. Іс-шара соңында полиция қызметкерлері балалар мен ата-аналарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақыратын арнайы жадынамалар таратты.

Бұл іс-шара балалар мен ересектерге жолдағы қауіпсіз мінез-құлықты еске салуға, балалар мен жасөспірімдерді тұрақты тұратын және оқитын жерлердегі көлік ортасына бейімдеуге арналған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру