Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта браконьерден 19 келі балық тәркіленді

Балқашта браконьерден 19 келі балық тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 сәуірде Қарағанды облысы Балхаш қаласының ПБ қызметкерлері және ПД табиғатты қорғау полициясымен Балхаш көлінің белгілі бір аумағында “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Сағат 19:30 шамасында заңсыз аулаумен айналысып жүрген резіңке қайықтағы ер азаматқа көңіл аударады. Жағажайға келген сәтін күтіп, полицейлер браконьерді ұстады. Ол 43 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны болып шықты.

Жүзу құралын тексеру барысында 19 келі әртүрлі балық түрі мен бір қап тор табылып, тәркіленді. Шығын мөлшері 342 мың теңгені құрады.

ҚР ҚК 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру