Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында әжетхана шатырында синтетикалық есірткі сақтаған ер адам ұсталды

Түркістан облысында әжетхана шатырында синтетикалық есірткі сақтаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде Ордабасы АПБ-ның полицейлері жергілікті тұрғынның ауласында есірткі сақтағанын анықтады. Полиция қызметкерлері жедел түрде күдіктінің жеке басын анықтауға кірісті.

Тұрғынның үйін тінту кезінде ауласындағы әжетхананың шатырынан жасыл түсті есірткіге ұқсас зат тәркіленді. Осылайша алынған заттарға сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленіп алынған заттың салмағы 2 грамнан асатын пирродиновалерофенон, яғни “PVP” атты синтетикалық есірткі екені белгілі болды.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Орта жастағы күдікті ер адам қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру