Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта зейнеткер бөтелкелесін пышақтап өлтірді

Балқашта зейнеткер бөтелкелесін пышақтап өлтірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қарашада Балқаш қаласында бес қабатты үйдегі пәтерлердің бірінен пышақ жарақатымен 60 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Көршілері қайтыс болған адамға бір күн бұрын біреу келгенін айтты. Куәгерлер келген адамның сыртқы белгілерін сипаттап берді.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 72 жастағы ер адамды ұстады. Алкогольдік ішімдік ішіп, жанжалдасып, жәбірленушіге пышақ сұғып алғанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Қарағанды облысының ПД басшысы Ерлан Файзуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру