Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқаштық полицейлер 62 жастағы алаяқ әйелді ұстады

Балқаштық полицейлер 62 жастағы алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 желтоқсанда Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне Түркістан және Ақтөбе қаласының екі тұрғыны арызбен жүгінді. Жәбірленушілер Балқаш қаласының белгілі бір тұрғыны алаяқтық жасап, ақшаларын алып қойғаны туралы хабарлады. Балқаштық тұрғын әлеуметтік желіде ақшаны екі есеге көбейтіп беремін деген желеумен маркетинг ұйымдастырып ойын ойнатқан. Алаяқтың әрекетіне сенген жәбірленушілер бірі 10 500 теңге және екіншісі 21 мың теңге аударған.

Жедел-іздестіруге кіріскен криминалдық полиция қызметкерлері 62 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады.

ҚР ҚК-нің 190- бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер күдіктінің тағы да осындай екі алаяқтық фактісіне қатысы бар екенін дәлелдеді. Қазіргі уақытта оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру