Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жылдамдық режимін асырған 1130 жүргізуші анықталды

Жамбыл облысында жылдамдық режимін асырған 1130 көлік жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының республикалық маңызы бар автожолдарында бір аптада 2 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі анықталды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және ескерту, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру мақсатында қызмет көрсететін Жамбыл облысының Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен облыстың республикалық маңызы бар автожолдарында жол қозғалысы ережесін бұзу деректері анықталды.

Бір аптада патрульдермен жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 1228 әкімшілік хаттама толтырды.

– Мысалы, жол қиылысынан өту ережелерін бұзғаны үшін 67, жүргізуші көлікте ұялы телефонмен сөйлескені үшін 58 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал 69-ы қауіпсіздік белдігі бекітілмеген көлікті басқарғаны үшін айыппұл төлейді. Тағы 63 жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Серғазы Әбдіқұлов.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар 24 жаяу жүргіншіге қатысты жасалды.

“Арқан” мобильді кешендерімен жылдамдық режимін асырған 1130 көлік жүргізушісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру