Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бақылау-өткізу бекетінде полициядан қашпақ болған ер адам ұсталды

Алматы облысында қарулы адам полиция қызметкерінің аяғын басып өтіп, жасырынуға тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс бүгін, 08.04.2020 жылы, Алматы қаласының Әуезов ауданында болған. Саина көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан “Субару” маркалы көліктің жүргізушісі карантин шаралары аясында құрылған бақылау-өткізу бекетінде полицияның заңды талаптарын орындамай, жасырынып, біреуінің аяғын басып кеткен.

“Қуу нәтижесінде Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында қаскүнемнің жолы жабылды. 1983 жылы туған А. есімді ер адам ұсталды. Тергеу-жедел тобы ұсталған азаматтың көлігін тексеру кезінде қаруды тапты, оның кімдікі және қайдан алынғандығы ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы бойынша қылмыс негізінде басталған сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады.

А.есімді ер адамда өзімен бірге пышақ табылды. Ер адам біртүрлі болып тұрды. Ол айналасындағылар оны “есалаң” деп санайтынын үнемі айтып отырды. Ең болмағанда, оның өзі осылай деп отыр. Ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды”, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

ПД, полиция қызметкерлеріне бағынбау жағдайлары жиілеп кеткенін хабарлады.

“Мен кезекшілікте тұрған полиция қызметкерлеріне дене жарақатын тигізу туралы кез-келген факт қылмыстық заң аясында тергеліп, сотқа жеткізілетінін жауапкершілікпен айтамын. Сонымен бірге, төтенше жағдай кезінде жоғарыда аталған қылмыстардың жасалуы – бұл ауырлататын жағдай, сәйкесінше жаза күшейтіледі”, – деді С.Әзірбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру