Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәмелетке толмағандар – ұдайы назарда

Петропавлдық полицейлер сәуір айының басынан бері кәмелетке толмаған екі жасөспірімді іздестіру жұмысы нәтежелі болды,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған дейін үйінен кетіп-келіп жүрген 16 жастағы бойжеткеннің анасы қызының жоғалғаны туралы тиісті мекемелерге хабарламаған. Оның жоғалғанын Петропавлда карантин енгізілген күні, яғни 3 сәуір үйіне барған мектеп инспекторы анықтады. Барлық жеке құрам шұғыл түрде іздестіру іс-шараларын бастап кетті. Кешке жақын бойжеткен құрбыларының бірінің үйінен табылды. Ювеналдық полицейлер оның анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша хаттама толтырды.
Келесі бір жағдай 2 сәуір күні орын алды. Полицияға үйінен серуендеуге шығып кеткен 11 жасар баланың ата-анасы хабарласты. Баланың жоғалғаны туралы ақпарат криминалдық полиция бөлімінің, учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері мен патрульдік экипаждарға жолданды. Бір сағат бойы тоқтаусыз жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жасөспірім серуендеп жүрген жерінен табылды.

“Жыл басынан облыста кәмелетке толмағандардың жоғалуының 10 фактісі тіркелді”, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Көбіне балалар жақындарының уайымдайтынын ұмытып, ойнап жүріп қалғандар. Олардың барлығы кезекші тәулікте табылды. Жоғалған адамдарды іздестіру кезіндегі еріктілердің көмегін ерекше атап өтуге болады. Біздің қызметкерлер олардың жетекшілерімен үнемі байланыста. Кәмелетке толмағандарды іздестіру үшін еріктілер жиі тартылады.
Жалпы бірінші тоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері із-түссіз жоғалған адамдар туралы 38 арыз қабылдады. Барлығының жүрген жерлері анықталды. Үш адамға қатысты іздестіру жұмыстарында еріктілердің көмегі зор болды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, спирттік ішімдіктерге әуес адамдар жиі жоғалады екен. Әдетте олар бөтелкелес таныстарының қасынан табылып жатады. Төтенше жағдайға байланысты жүріп-тұруға қойылған шектеулер енгізілген уақыттан бастап және көңіл көтеру орындары жабылғалы мұндай фактілер тіркелмеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру