Бас бостандығынан айыру орындарындағы психиатриялық көмек
Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/14 мекемесінің аумағында бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарға психиатриялық көмек көрсетіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елімізде сот-психиатриялық куәландырудан өткен, ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған әрбір бесінші адамның органикалық психикалық бұзылудан зардап шегетіндігі мәлім.
Сот-тергеу жағдайының өзі, содан кейін қамауда ұсталу сотталғандардың психикалық жағдайына өзінің бір баспасын қалдырады. Бұған қоса, олардың психикалық және соматикалық күйзелістерде сау болып қалуы өте қиын міндет.
Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ЛА-155/14 мекемесінің аумағында 1992 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде ұсталатын сотталғандарға білікті стационарлық психиатриялық көмек көрсететін республикалық психиатриялық аурухана құрылды. Психикалық ауытқулары бар стационарлық емдеуді талап ететін сотталғандар ҚАЖ Комитетінің арнай нардымен Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының аумағында орналасқан, Республиканың әртүрлі түзеу мекемелерінен республикалық психиатриялық ауруханаға емделуге жіберіледі.
Аурухананы құрудың бастапқы кезеңінде, бас бостандығынан айыру орындарында науқастарға психиатриялық көмекті нығайтуға подполковник В.И. Шушарин, капитан Ф. Х. Егізбаева, подполковник С. Б. Уразбаева сияқты, өз үлесін қосқан дәрігерлер тұрды. Бүгінгі күнде де олардың орнына кем дегенде сезімтал, өз ісіне мұқият қарайтын дәрігерлер, медбикелер мен кіші медициналық қызметкерлер келді.
Сотталғандарға психиатриялық көмек көрсету психикалық аурулардың ерекшеліктеріне байланысты өзінің белгілі бір орнын алады. Психиатрия-бұл тар медициналық мамандық емес, бұл кез-келген тәжірибеші дәрігерге күнделікті жұмысында қажет, үлкен медициналық және профилактикалық маңызы бар медицина саласы.
– Кейде тіпті науқас сотталғанмен байланысқа түсу қиын болуы мүмкін. Өйткені, науқас сотталғандардың арасында көпшілігі үмітсіз, депрессиялық, сынған, ашуланған және тіпті агрессивті көңіл күйілері кездеседі. Осындай жағдайда жұмыс істей отырып, біздің медициналық қызметкерлер күнделікті міндеттерін орындай отырып, өз күшін, уақытын, іскерлігін жылулығымен және шыдамдылығымен «сенімсіздік пен түсініспеушілік мұзын ерітеді», тез және толық сауығу үшін барлық жағдай жасайды, – деп атап өтті жоғары санатты психиатр дәрігер Гүлмира Божкенова.
Дәрігерлердің, медбикелер мен санитарлардың ұқыптылығы мен сезімталдығының арқасында психикалық ауытқулары бар науқастар өздерінің ауруларын жеңіп, өмір мен денсаулықты бағалауды үйренеді!