Базардан киім ұрлаған азаматшалар полицияға жеткізілді
Шымкенттік полицейлер базарда киім ұрлаған азаматшаларды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 28 қазанында Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданының Полиция басқармасына қала базарларындағы киім дүкендерінің бірінің сатушысы арызданған. Өз арызында ол дүкенінен белгісіз адамдар әйелдер киімдерін ұрлап кетіп, оған 150 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтіргенін көрсеткен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 2-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Абай ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Жедел басқару орталығының камераларының көмегімен Кентау қаласының 1972 және 1963 жылы туған тұрғындарын анықтап, полицияға жеткізді.