Бейіттен жасалған металл қоршаулар мен ескерткіштерді ұрлағандарды тапты
Ақтөбе қаласында металлдар мен ескерткіштерді ұрлап, сатпақшы болған айлакер өз қулығын асыра алмады.
22 қаңтарда түнде полицейлер қаланың Қалалық сүт зауыты ауданында патрульдеу барысында қарда зираттар жағынан Ембі көшесіне қарай келе жатқан шана іздерін байқады. Ізденіс барысында іздер 22 жастағы ер адам тұратын жеке үйге әкелді.
Шаруашылық құрылыстарын тексеру кезінде полицейлер ер адамның
тұратын жеріне жақын орналасқан бейіттен көптеген металл ескерткіштер
мен қоршауларды тапты. Үй иесінің айтуы бойынша металл ескерткіштерді
металл қабылдау пунктіне тапсырмақ болған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа
дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.