Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бейнебақылау камераларының көмегімен ондаған қылмыс ашылды

Петропавлда жыл басынан бері бейнекамералардың көмегімен 82 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 патрульдік автомобильде бір мезгілде 360 градусты қамтамасыз ете отыра түсіретін камералар орнатылған. Жазылған жазбалардың бірі 18 мамыр күні жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуға жол берген жүргізушіні жауапқа тартуға негіз болды. Н.Назарбаев көшесінде Петропавл қаласының 45 жастағы тұрғыны “Mitsubishi Pajero” көлігімен қарсы бағытқа шығып кетеді.

1382 стационарлық бақылау камерасы полицейлердің жұмысындағы сенімді тірек болып табылады. Биыл Ғабит Мүсірепов ат. ауданда 17 жаңа бейнекамера орнатылды. Аққайың ауданында түрлі кәсіпорындармен орнатылған 32 камера аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне шығарылды.

– Петропавл аумағында 410 камера жұмыс істейді, – дейді Петропавл қ. ПБ Жедел басқару орталығының бастығы Нұрлан Мұхаметжанов. — Жыл басынан бейнебақылау камералары 3675 жол қозғалысы қағидалары бұзу мен 1824 өзге де әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға септігін тигізді. Негізінен бұл фактілер алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе масаң күйде қоғамдық орындарға келу, ұсақ бұзақылық.

Мысалы, Жедел басқару орталығының операторлары 11 мамырда кешкісін Медведев көшесіндегі үйдің ауласынан айдап әкетілген “Volkswagen Passat” автокөлігінің ізіне шыққан. Көлікті айдап әкеткен ұсталғаннан кейін, бірлесіп спирттік ішімдік ішкен жәбірленушінің 31 жастағы танысы екендігі белгілі болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің (көлiк құралын құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) 200-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Автомобиль алынып, иесіне қайтарылды. Күдікті көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін өзіне тағайындалған 20 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасын өтеп шықты.

Жыл басынан бейнебақылау камералары 87 қылмыстық құқық бұзушылықтың, оның ішінде 39 ұрлық пен 14 бұзақылықты ашуға көмегін тигізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру