Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бейтаныс адамға сенім білдірген ақтөбелік сан соғып қалды

Бейтаныс адамға сенім білдірген ақтөбелік сан соғып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қалалық полиция бөліміне Әйтеке би ауданы Жәреткен ауылының 27 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арызданған.

Арызданушының айтуынша, ағымдағы жылдың тамыз айында бейтаныс ер адам Атырау қаласындағы ірі мұнай өндіруші кәсіпорынына жұмысқа орналастыру сылтауымен 100 мың теңге сомасындағы ақшасын иемденген.

Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады, ол Ақтөбенің 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, сондай-ақ ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті сақ болуды ескертеді, алаяқтардың айла-амалдарына бой алдырмаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру