Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгіленбеген орында жайылған мал үшін иелеріне айыппұл салынды

Көлік полицейлері темір жол төсемінің белгіленбеген жерінде жүрген ірі
қара мал иесіне айыппұл салды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
«Ағымдағы жылдың басынан бері темір жол бойында адамдар мен үй жануарларының болуына байланысты пойыздардың шұғыл тежеуінің алдын алу мақсатында халықпен 107 кездесу және 135 кешенді рейдтік іс-шаралар өткізілді», – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов.
Көлік полицейлерімен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға
қарамастан темір жол үстіне малдардың шығуымен байланысты фактілер әлі
де жалғасуда.
Ж. Байкеновтың айтуынша, елімізде ағымдағы жыл басынан бері 188
поездардың шұғыл тежелу фактісі тіркелген. Оның 118-і темір жол үстіне
малдардың шығуымен байланысты фактілер. Көлік полициясының
қызметкерлері барлық жағдайда мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке
тарту үшін оларды анықтау шараларын қолдануда. Биылғы жылдың өзінде
темір жол бойында мал жайған 86 адамға әкімшілік айыппұл салынды.
Мәселен, «Теректі-Разъезд» өткелінде жүк пойызының машинисті
поездың шұғыл тежелуі нәтижесінде темір жол төсемінің белгіленбеген
жерінде жүрген бір ірі қараны қағып кетті.
Тексеру барысында мал иесі анықталып, ұсталды. Ол Қарағанды облысының 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабы 1-тармағы (Темiржол арқылы ат-арба көлігімен (шаналармен) өту және жүк артылған, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Көлік полициясы азаматтардың үй жануарларын жаю ережелерін
мүлтіксіз сақтауын және темір жол маңында олардың жүруіне жол бермеуі
тиіс екендігін еске салады. Қараусыз қалған мал поезд қозғалысының
қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру