Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзбекстан азаматын тонаған жалған полицейлер ұсталды

Сарыағаш ауданында тәртіп сақшылары Өзбекстан азаматын
тонаған жалған полицейлерді ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Өзбекстан азаматы Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесіне келіп, өзін белгісіз азаматтар тонағанын айтып арызданды. Жәбірленушінің айтуынша Қазақстанда жұмыс жасағаннан кейін, ол еліне қайтпақшы болады. Осылайша, «Жібек жолы» кеден бекетіне келгенінде, оның жанына белгісіз көлік тоқтап, ішіндегілер өздерін полиция қызметкерлері деп таныстырып, құжаттарын көрсетуді сұраған. Құжаттарын көрсеткенінде күдіктілер оның өзге ел азаматы екенін айтып, көлікке отыруын бұйырған. Көлікке отырғызып алып, шетке апарып, тірі қалғың келсе, қалтаңда бар ақшаңды бер деп қорқытып, 60 000 теңге ақшасын жымқырған.
Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді. Полицейлер тез арада қылмыскерлерді ұстау мақсатында іске кірісті. Полиция қызметкерлері Мақсат Пернебаев пен Ғазиз Ақбердиев куәгерлерден сұрастырып, мұқият тексеру жұмыстарын жүргізіп, түрлі ақпарат көздері арқылы, пробация қызметкерлерімен бірлесіп, жалған полицей күдіктілерді ұстады.
Тергеу барысында ұсталған күдіктілердің екеуі де бұрын сотты болғаны анықталды. Күдіктілер ақша қажеттілігіне байланысты заңсыз әрекетке барғандарын мойындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.
Өз кезегінде Өзбекстан азаматы сарыағаштық полицейлердің шұғыл
әрекет етіп, күдіктілерді ұстағанына алғысын білдірді.Полицейлердің қырағылығына, кәсіби шеберлігіне ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру