Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгіленбеген орындарда жасанды шыршаларды сату бойынша сегіз факт анықталды

«Шырша» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында сегіз азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 15-31 желтоқсан аралығында Шымкент қаласы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қала аумағында «Шырша» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Шымкент қаласындағы жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жаңа жыл мерекесінің қарсаңында шырша мен қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу мен сатудың алдын алу мақсатында полицейлер сатушылардан өнімге сатуға тиісті рұқсат құжаттарын тексеретін болады.

Қылқан жапырақты ағаштарды өткізуге рұқсаттың жоқтығы анықталған жағдайда сатушы ҚР ӘҚБтК-нің 386-бабы (Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осындай жайттар орын алған кезде жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ескерту беріледі немесе айыппұл салынады.

Орман екпелерін заңсыз кесу анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

Бүгін полиция қызметкерлері «Қазына», «Қырғы», «Жабық» және «Алаш» базарларының сауда нүктелерін тексерді. Сатушылармен қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз сату және сату бойынша түсіндірме әңгіме жүргізілді. Сондай-ақ, заңсыз сату және ағаштарды кесу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы еске салды. Белгіленбеген орындарда жасанды шыршаларды сату бойынша сегіз факт анықталды. Олар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, 22 жылдың 2020 желтоқсанында әлеуметтік желісін монитринг жүргізу барысында, полиция қызметкерлері екі белгісіз бір ағашты кесіп алған жайтты анықтады. Бүгін полиция қызметкерлері олардың жеке басын анықтап, полицияға жеткізді. Тексеру жүргізіліп жатыр.

Құрметті қала тұрғындары! Егер сіз де заңсыз ағаш кесуге қатысты ақпарат болса, біз қылқан жапырақты ағаштарды қазып аламыз, сондай-ақ қылқан жапырақты бөлшек сауда кезінде бұзушылықтар. Полицияға «102» телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру