Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Білім күні СҚО полицейлері балаларға жол қауіпсіздігі туралы әңгімеледі

Білім күні СҚО полицейлері балаларға жол қауіпсіздігі туралы әңгімеледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Білім күнінде полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеді. СҚО-да 1 қыркүйекте 73 мыңнан аса бала, оның ішінде 8 мыңға жуық бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттады. Олардың қауіпсіздігі полиция қызметкерлерінің басты назарында. Бұл күні автопатрульдердің бағыттары оқу орындарына жақын орналастырылды. Олардың саны облыста 472. Патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары профилактикалық әңгіме өткізу үшін сынып сағаттарына қатысты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жолдың жүріс бөлігіне жақын жерде ойнамау, көшені қалай дұрыс кетіп өту керектігін есте сақтаған жөн. Қазіргі заманның балалары смартфондар мен құлаққаптарды белсенді қолданады. Бұл – олардың жолдағы қауіпті байқауына кедергі келтіреді. Полицейлер көшеден өткен кезде гаджеттерді қолданбауға кеңес береді.

– Жолдағы қауіпсіздік ережелері қалыптасқан дағдыға айналуы тиіс. Бұл жерде үлкендердің ақыл-кеңесі аса маңызды. Бүгін қызметкерлер ата-аналармен кездесу мүмкіндігін пайдаланып, балалар олардың дағдыларын, оның ішінде жолдағы әрекеттерін қайталайтынын еске салды. Жыл басынан облыста 7 жас жаяу жүргінші мен бір велосипедші зардап шекті. Барлығы кәмелетке толмағандардың қатысуымен 26 ЖКО орын алды. Жолаушылар ретінде болған бір бала қаза тауып, 22-сі жарақат алған. Ата-аналарға ЖЖЕ сақтаудың, міндетті түрде 12 жасқа дейінгілерді қоса алғандағы жолаушыларға арналған балаларды ұстау құрылғысын пайдаланудың маңыздылығын қайта еске салуды жөн көрдік, – деп тоқтала кетті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Аталған жұмыс 1 қыркүйектен бастау алған «Абайлаңыз, балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі шеңберінде өткізіліп отыр. Сонымен қатар, сынып сағаттарына ювеналдық полиция қызметкерлері қатысты. Олар балаларға түнде заңды өкілдерсіз тұрғын үйден тыс жерде жүрмеуді еске салды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары қауіпсіз жүріс-тұрыс жайлы пайдалы кеңестерімен бөлісті: екінші ауысымда оқитын оқушылар үйлеріне көшенің жарық жанған жағымен бару, бейтаныс адамдармен сөйлеспеу, бастауыш сыныптың оқушылары ересектерсіз мектептен шығып кетпеу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру