Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері ұрыны “ізін суытпай” ұстады

Қостанай полицейлері ұрыны “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс 28 тамызда Қостанай қаласы Гоголь көшесінде болды. 24 жастағы жігіт сауда үйінде жүргенде оған бейтаныс адам жақындап, темекі сұраған. Екеуі ғимараттың сыртына темекі шегуге шығады. Жәбірленушінің айтуынша, ол ұялы телефонын шығарған кезде 9000 теңге ақшасын да алып шыққан. Қасында тұрған жігіт қағаз ақшаны жұлып алып, қашып кеткен. Ер адам оқиға туралы полицияға хабарлаған.

Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы ұрлық жасалғаннан кейін күдікті екі белгісіз адаммен ақ түсті көлікке отырып, Алтынсарин көшесіне қарай бет алғанын анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Арлан Масақбаев, Бауыржан Құрманғалиев және Ғалымжан Арыстанғалиев Қостанай қаласының аумағында ұрыны ұстады. Ол облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ұрланған ақша тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру