Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір күнде екі қылмыс жасаған 22 жастағы қарағандылық ұсталды

Бір күнде екі қылмыс жасаған 22 жастағы қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Киров ПБ-не сағат 06.40 шамасында егде жастағы адамды тонап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жәбірленуші 50 жастағы ер адамның қолынан белгісіз біреу ұялы телефонын жұлып алып, қашып кеткенін анықтады. Телефонның шығыны 50 мың теңгені құрады.

Полицейлер күдікті – 22 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты зат – ұялы телефон алынды. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің ұсталғанға дейін бірнеше сағат бұрын дәл осы шағын ауданда ұрлық істегені анықталды.

18 жастағы бойжеткеннің пәтеріне кіріп, құны 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру