Бірнеше мәрте велосипед ұрлаған алматылық қолға түсті
47 жастағы алматылық бөтеннің велосипедін ұрлағаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тергеудің осы кезеңінде Б.есімді азамат төрт эпизодқа қатысы бар екендігін мойындады. Ол Алматы қаласы Әуезов ауданы аумағында ұрлық жасап жүрген.
– Ұрлық негізінен көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінен жасалған. Кілтті немесе домофон кодын сәйкестендіру арқылы қаскөй кіреберіске кіріп, екі доңғалақты көлікті алып шыққан, содан кейін ұрланған велосипедтерді арзан бағаға сатқан. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның қала аумағында осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Барлық эпизодтар ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыру) бойынша бір іс жүргізуге біріктірілді, – деп хабарлады Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.