Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлеріміз деп алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды

Павлодар облысында полиция қызметкерлеріміз деп алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасаған үш күдікті анықталып, ұсталды. Олардың бірі – тонау үшін бұрын сотты болған Павлодар қаласының тұрғыны.

Күдіктілер келесі схема бойынша әрекет етті: өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырып, көшедегі азаматтарға құжаттарды тексеру сылтауымен жақындап, алдаған. Әрі қарай олар банк қосымшаларында сәйкестендіруден өтіп, азаматтарға тауарлық немесе қолма-қол несие ресімдеді.

– Қазіргі уақытта күдіктілердің Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында 8 фактіге қатысы бар екені анықталды. Сондай-ақ, ұсталғандардан полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді, – деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) және Қазақстан Республикасы ҚК-нің 390-бабы 2-бөлігі бойынша осы негізде қылмыс жасаумен ұштасқан, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын билік өкілі немесе лауазымды адам атағын өз бетінше беру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру