Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері жоғалған 6 жасар баланы тауып берді

Шымкент полицейлері жоғалған 6 жасар баланы тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерінен жергілікті тұрғын көмек сұраған. Ол өз сөзінде 6 жасар ұлының хабар-ошарсыз кеткенін жеткізеді. Ұлын жоғалтқан әке, бар үміті полицейлерде екенін хабарлайды.

Бұл жайт бойынша Шымкент қаласы ПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жоғалған баланы табу үшін жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде жас жеткіншек 1 сағатта табылды.

Белгілі болғандай, бала Алматы тас жолының бойында ойнап жүріп, адасып кеткен. Қазіргі таңда бала аман-есен қайтарылды. Ұлымен қауышқан әкесі баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен тәртіп сақшыларына ізгі ықыласын білдіріп, алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру