Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше тұрғынды сан соқтырған түркістандық әйел қолға түсті

Түркістан облысының полицейлері бес тұрғынды алдаған күдікті әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы ауданы ПБ-ға жергілікті бес тұрғын арызданып келген. Олардың айтуынша, ортақ танысы мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек алып беремін деп, сенімдеріне кіріп, әрқайсысынан 60 мың-70 мың теңге аралығында ақша алып отырған. Осылайша оларға 350 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Аталған дерек ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Полиция қызметкерлері хабар түсісімен күдіктіні анықтау мақсатында тиісті шаралардың барлығын жүргізді. Тәртіп сақшыларының жан-жақты жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті әйел ұсталды. Ол жәбірленушілердің ауылдасы болып шықты. Қазіргі таңда күдікті азаматша ПБ-ға жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың айласына алданбай, барынша абай болуды ескертеді. Егер де, сіз, осындай жайттың құрбаны немесе куәсі болсаңыз бірден полицейлерге “102” нөмірі арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру