Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Ақтөбе облысында қоғамдық орынды ластағаны үшін 5 207 адам жауапқа тартылды

Биыл Ақтөбе облысында қоғамдық орынды ластағаны үшін 5 207 адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жүйелі түрде тек жасөспірімдермен ғана емес, қылмыскерлермен де профилактикалық әңгімелер жүргізеді.

Күн сайын учаскелік полиция инспекторларының күшімен әкімшілік учаскені аралау жүзеге асырылады, оның барысында әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталады. Жиі жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі – ұсақ бұзақылық және жалпы ортақ пайдалану орындарының ластануы.

ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес ұсақ бұзақылық үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу көзделген.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жүргізіледі.

Өткен кезеңде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1118 тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 617 материал бойынша сот отырысы 3-тен 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамау түрінде жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

Ұсақ бұзақылықты анықтау әрбір учаскелік полиция инспекторы үшін маңызды міндеттердің бірі, өйткені әкімшілік құқық бұзушылықтар неғұрлым көп анықталса, ауыр санаттағы қылмыстар соғұрлым аз болады. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындардың ластануына көп көңіл бөледі, негізінен темекі тұқылдары мен бөтелкелерді шығару туралы сөз болып отыр.

Жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластағаны, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 432-бапқа сәйкес осы баптың 1-бөлігі бойынша санкция бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда – он АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Қорытындылай келе, жыл басынан бері жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 5207 адам жауапкершілікке тартылған. Осылайша, облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығына, ортақ пайдалану орындарының ластануына жол бермеу, сондай-ақ осы Әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескерткіміз келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру