Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен күнделікті жұмыстар жүргізілуде.

6 қазан күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала көшелерінің бірінде жол ережесін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру барысында 30 жастағы жүргізуші құжатсыз және көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Ол 2019 жылы қараша айында әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін соттың үкімімен басқару құқығынан 5 жылға айырылғанына қарамастан, қайта рөльге отырған.

Тәртіп бұзушы полицияға жеткізіліп, ал автокөлік айыптұраққа қойылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру