Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Петропавл полицейлері балалардың түнде жүруінің 573 дерегін анықтады

Биыл Петропавл полицейлері балалардың түнде жүруінің 573 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ата-аналар жиналысы, сынып сағаттары – ювеналдық полицейлердің күнделікті жұмысындағы іс-шаралар. Оқу жылы басталысымен тәртіп сақшылары оқушылардың және ата-аналардың қатысуымен болатын кездесулер өткізуді қолға алды. Олар балалар мен ересектерге заңды бұзу үшін көзделген жауапкершілік жайлы түсіндіреді.
Ең жиі анықталатын бұзушылық – жасөспірімдердің түнгі уақытта серуендеуі. Жыл басынан петропавлдық полицейлер кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз үйден тыс жүруінің 573 фактісін, түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болуының 13 фактісін анықтады.

– Кейбір ата-аналар кәмелетке толмаған балаларын ересек туыстарымен бірге жібереді. Бұл арада заңды өкілдер тек ата-аналардың өздері немесе оларды алмастыратын адамдар бола алады. Мысалы, балалар спорттық жарыстарға барса, жаттықтырушыға сенімхат жазылуы мүмкін. Ешбір ересек адам заңды өкіл болып табылмайды. Ата-аналардан бұны естен шығармауын сұраймыз. Балалардың бақылаусыз уақыт өткізуі – жасөспірімдердің немесе оларға қатысты қылмыс жасалуына жағдай жасайтын негізгі себеп, – дейді Петропавл қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин.

Жыл басынан Петропавлда жасөспірімдер 20 ұсақ бұзақылық жасаған, 59 фактіде ішімдік ішкен. Олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 136 қала тұрғыны кәмелетке толмаған балаларын асырау және тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілік арқалады. Мұның барлығы – оқу орындарында полицейлердің балалармен және олардың ата-аналарымен әңгімелесуінде талқыланатын тақырыптар. Осындай мазмұндағы кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын және жас қазақстандықтардың қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру