Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында 225 жасөспірім ІІО-ға жеткізілді

Қызылорда облысында 2 күнде 225 жасөспірім ІІО-ға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы көлемінде кәмелетке толмағандар және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу, болдырмау бағытында, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың жүріс тұрысына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында 12-15 қыркүйек аралығында “Бала – Заң – Қауіпсіздік” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға білім, жастар ресурстық орталығы және әрбір мөлтек ауданында орналасқан мектеп, колледж ұстаздарымен бірлесіп аймақтарға мобильді топтар бөлініп, профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Іс-шараның 2 күнінде полиция органдарына барлығы 225 кәмелетке толмаған жеткізілсе, оның ішінде 187 кәмелетке толмағанға әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін, ал қалған 4 қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін жеткізілді.

Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 39 ата-анаға хаттама толтырылса, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша барлығы 159 кәмелетке толмағандар анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама рәсімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 2 кәсіпкер, жасөспірімдерге темекі өнімін сатқаны үшін 1 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, полиция органдарына кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) ұстау бойынша өз міндеттерін орындамайтын кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдер санатына 8 отбасы алынды.

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мүдделі органдармен бірлесіп профилактикалық жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру