Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Петропавл полицейлері қылмыс пен құқық бұзушылық туралы 68 мыңнан астам қоңырауды қабылдады

Биыл Петропавл полицейлері қылмыс пен құқық бұзушылық туралы 68 мыңнан астам қоңырауды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер өтініштер мен хабарламаларды көп арналы байланыс арқылы жіберу мүмкіндігін еске салады. “102” нөміріне әдеттегі қоңыраудан басқа, гаджеттің әрбір пайдаланушысы мобильді қосымша арқылы полицияға жүгіне алады.

Полицияның жедел әрекет етуін талап ететін барлық ақпарат жедел басқару орталығына түседі. Құрамында 8 полиция қызметкері бар кезекші ауысым тәулік бойы қызмет атқарады; бейнебақылау камераларының көмегімен қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қадағалайды, “102” нөміріне қоңыраулар мен хабарламалар қабылдайды, нарядтарды қылмыс пен оқиға орнына жібереді. СҚО ПД штаб бастығының орынбасары Айдар Сыздықовтың айтуынша, жыл басынан бері “102” арнайы жедел арнасына 68 мыңнан астам телефон қоңырауы келіп түскен. Олардың 22 637-сі дереу әрекет етуді талап еткен. Жедел басқару орталығы бейнекамераларының көмегімен бейнебақылау инспекторлары 9 344 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Олардың жартысынан көбі жол қозғалысы ережелерін бұзу болған.

“102” мобильді қосымшасы арқылы полицияға 111 хабарлама келіп түсті. Олардың негізгі бөлігі – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету желісі бойынша.

Петропавл қаласының аумағында SOS түймелері де жұмысын жалғастыруда. Олар адамдар көп жиналатын жерлерде орнатылған және полициямен аудио және бейне байланыспен жабдықталған. Қоңырау шалу түймесі жерден бір метр қашықтықта орналасқан; қажет болған жағдайда балалар да функционалмен пайдалана алады. Жыл басынан бері осындай жаңашылдық арқылы полицияға 8 хабарлама келіп түсті, олардың барлығы кезекші тәулікте ден қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру