Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Қызылорда облысында қызметтік иттердің көмегімен 143 қылмыстың беті ашылды

Қызылорда облысы ПД кинология орталығының қызметтік иттері көмегімен жыл басынан 143 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел шаралар барысында есірткінің заңсыз айналымына қарсы қызметтік иттерді қолдану арқылы 95 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Криминалдық полиция саласы бойынша 25 қылмыс анықталды. Олар негізінен бөтен мүлік ұрлығы және басқа да қылмыстар.

Өндірістегі қылмыстық істер бойынша тағайындалған одорологиялық зерттеулерде қызметтік иттер 41 рет қолданылып, нәтижесінде 41 нәтижелі іріктеу беріліп, қылмыстық істерге дәлелдер ретінде тіркелді. Жарылғыш заттарды іздеу саласы бойынша 128 рет қолданылып, нәтижесінде тексерілген объектілерден жарылғыш заттар анықталған жоқ.

1 маусым – 30 қазан аралығында өткізілген “Қарасора” жедел-профилактикалық іс-шарасына байланысты қойылған бекеттерде қызметтік иттердің көмегімен есірткінің заңсыз айналымына қатысты 28 қылмыстық құқық бұзушылық анықталып, айналымнан жалпы салмағы 28 келіден аса есірткі заттары алынды.

Мәселен, 27 қыркүйекте Қызылорда – Түркістан тасжолының бойындағы Белкөл бекетінде Қызылорда қаласы тұрғынының басқаруындағы Chevrolet Cobalt автокөлігі тоқтатылып, қызметтік іздестіру итін қолданып тексеру барысында сөмкеден сараптама қорытындысына сәйкес салмағы 1033,45 грамм болатын есірткі заты кептірілген марихуана табылды.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Айта кететін жәйт, Қызылорда облыстық ПД кинологиялық қызмет орталығында жалпы 22 қызметтік-іздестіру иті бар. Департамент бойынша кинолог мамандар ҚР ІІМ-нің кинологиялық орталығында арнайы даярлық курсын оқыған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру