Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл СҚО-ның 80-нен астам азаматы ПД басшылығының жеке қабылдауында болды

Биыл СҚО-ның 80-нен астам азаматы ПД басшылығының жеке қабылдауында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі проблемалы сұрақтар, қылмыстық істерді тергеу барысы, полицияға қызметке орналасу – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының қабылдауына келетін азаматтар әдетте осындай сұрақтармен жүгінеді. Облыстық полиция ведомствосының басшысына жеке сұрақтармен аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері жүгінуге болады. Бұл үшін 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефон нөмірлері арқылы қабылдауға жазылуға болады.

Кезекті кездесу “AMANAT” партиясының облыстық филиалында өтті. СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Айтбаев Петропавл тұрғынын қабылдады. Келуге себеп болған мәселе – көршілер мен қарт әйелдің арасындағы жанжал. Тұрғынның сұрағы бақылауға алынып, қалалық полиция басшылығына тұрғындар арасында жиналыс өткізу және мәселені шешу туралы тапсырма берілді.

Жыл басынан СҚО ПД бастығы мен оның орынбасарлары 88 адамның мәселелерінің шешілуіне көмектесті. Амалы таусылған тұрғындар қиын жағдайларда жеке қабылдауға жазылады. Бұл – полицияның ашықтығы мен қолжетімділігінің қағидаттарын іске асырудың негізгі нысаны, жұмыстың сервистік моделінің түпкі нәтижесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру