Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Біз бәріміз бәрібір өлеміз”: Полиция мұндай мәлімдеме жасаған жоқ – Алматы ПД

Алматы Полиция департаменті әлеуметтік желілерді бақылау кезінде полиция қызметкері бейнесіндегі ер адамның видео үндеуі пайда болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Видеода: – Бәріне сәлем, достар! Кім күйзеліске душар болса, жүрегі ауырса, жұмыста, жанұяда қиындықтар туындаған болса. Біреуді несие қинауы мүмкін. Уайымдамаңыз. Бәрібір бәріміз де өлеміз.

Тексеру кезінде бейне авторының жеке басы анықталды. Бұл әнші және актер Т.Кенжеболатов (Кентал) болып шықты.Бұл пост полицияға қарсы халықтың наразылығы мен түсініспеушілігін тудырды.

Осыған байланысты Алматы полициясы бұл видеодағы полиция формасындағы ер адам іс жүзінде ішкі істер органдарының қызметкері емес деп хабарлайды.

Т. Кенжеболатовтың іс-әрекетіне қатысты жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріледі.

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына және қайғылы оқиғаларға байланысты қалыптасқан жағдай аясында мұндай үндеулер, тіпті әзіл үшін болса да, әсіресе полиция формасын қолданғандығы орынды емес және қабылданбайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру