Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Біз біргеміз» акциясына пробация қызметкерлері де үн қосты

Қызылорда облысы Сырдария аудандық пробация қызметінің инспекторлары тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік үлестірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайырымдылық шарасы Сырдария аудандық прокуратурасының ықпалымен «Нұр Отан» партиясының Сырдария аудандық филиалының демеушілігімен ұйымдастырылды. Қайырымдылық  көмекті  пробация есебінде тұрған отбасылар алды.

Сондай-ақ, бұл адамдарға қазіргі қиын уақытта карантин режимін, санитарлық талаптарды сақтап,  қайта қылмыс пен әкімшілік құқық бұзбау керектігі де ескертілді.

Көмек алған азаматтар ораза айында демеушілерге, пробация қызметкерлеріне алғыстарын айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Біздің жағдайымызды елеп-ескеріп, ең керекті заттарымызды алып келіп жатырсыздар. Осындай кезде қолдап, көмектесіп жатқан «Нұр Отан» партиясы мен пробация қызметкерлеріне рахметімізді айтамыз»,- деді Е. есімді сотталған.

Қайырымдылық акциясы алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру