Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бөтеннің көлігін айдап әкеткен Нұр-Сұлтан қаласының 21 жастағы тұрғыны ұсталды

СҚО полицейлері басқа облыстардағы әріптестерімен бірлесе жұмыс істеу кезінде іздеудегі екі қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қаңтар СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Көлік айдап әкеткені үшін астаналық полицейлермен оған іздеу жарияланған. Солтүстіқазақстандық тәртіп сақшылары қылмыскерді облыс аумағындағы туыстарының үйінен тапты.

– Қылмыскерлерді іздеу – жасалған қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығы принципін сақтауды қамтамасыз ететін криминалдық полиция жұмысының маңызды бағыттарының бірі, – дейді СҚО ПД КПБ бастығы Петр Климов. Бұл жұмыс ҚР басқа облыстарындағы және жақын шетелдердегі әріптестерімен бірлесе жүзеге асырылуда. Өткен жылы СҚО полицейлері ТМД елдері үшін 22 қылмыскерді, Қазақстанның өзге өңірлері үшін 19 қылмыскерді ұстады. Облыс бойынша қылмыс жасағандары үшін іздеудегі 45 адам ұсталды. Жыл басынан облыс аумағында іздеу жарияланған екі қылмыскер қолға түсірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру