Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да ҚАЖД қызметкерлері әріптестерін зейнетке шығарып салды

Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Сұлтан Сахметовті әріптестері зейнетке шығарып салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сұлтан Сахметов 2006 жылы Қостанай академиясына оқуға түсіп, болашақ құқық қорғаушы ретінде алғашқы қадамын жасады. Ол академия қабырғасында жүріп-ақ өзін тәртіпті, табанды әрі білімге құштар курсант ретінде танытты. Оқу орнын ойдағыдай тәмамдаған соң, ел тыныштығы жолында адал қызмет етуге бел буды.

Сұлтан Төлегенұлының құқық қорғау саласындағы қызметі 18 жылға созылды, ал жеңілдікті еңбек өтілін есептегенде, 25 жылды қамтиды. Оның кәсібилігі мен ІІМ жүйесіне қосқан үлесі мемлекет тарапынан жоғары бағаланды. Оған берілген марапаттар қатарында I және II дәрежелі “Мінсіз қызметі үшін” төсбелгісі, “Қазақстан полициясына 25 жыл” төсбелгісі, ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің Құрмет грамотасы, "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін” төсбелгісі бар. Бұл марапаттар – оның қызметіне берілген жоғары баға, табандылығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.

Кейіпкеріміз әріптестері үшін әрдайым үлгі бола білді. Оның сенімділігі, әділдігі, принципшілдігі мен көшбасшылық қасиеттері ұжым арасында ерекше құрметке ие болды. Тек өз ісінің шебері ғана емес, білімі мен тәжірибесін жастарға үйреткен нағыз тәлімгер ретінде де танылды. Оның басшылығымен тәрбиеленген жас қызметкерлер бүгінде құқық қорғау саласында абыроймен еңбек етіп жүр.

Құқық қорғау қызметкері үшін зейнетке шығу – жаңа белеске қадам басу. Сұлтанды әріптестері оған адал еңбегі, ұжымға көрсеткен қолдауы мен парасатты басшылығы үшін қашанда шынайы алғысын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру