Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да “Anti Fraud” жедел алдын алу іс-шарасы өтті

БҚО-да “Anti Fraud” жедел алдын алу іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Anti Fraud” жедел алдын алу іс-шараcының қорытындысы бойынша БҚО аумағында ақпараттандыру және байланыс саласында 48 құқық бұзушылық анықталды. ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша – 34 факт (Интернет-алаяқтық), ҚР ҚК-нің 311-бабы бойынша – 8 факт (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату), ҚР ҚК-нің 198-бабы бойынша – 1 факт (Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу), ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша – 4 факт (Ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу арқылы ұрлау). Сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 399-бабы бойынша бір факт анықталды (Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз сатып алу немесе пайдалану).

Ағымдағы жылдың 10 тамыз күні қалалық полиция басқармасына Орал қаласының тұрғыны Samsung Galaxy А-51 маркалы ұялы телефонының ұрланғандығы туралы шағым түсірді. “Anti Fraud” жедел алдын алу іс-шарасы барысында БҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері ұялы телефонды ұрлаған азаматты анықтап, ұстады. Қаскөй ұялы телефондағы банктік қосымшасының поролін теру арқылы өзінің банк шотына 577 000 теңгені аударып алған. Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру