Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да Республика күні қарсаңында жас полицейлер ант қабылдады

БҚО-да Республика күні қарсаңында жас полицейлер ант қабылдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментіне жаңадан қабылданған 50-ге жуық жас қызметкер салтанатты түрде ант қабылдады.

Салтанатты рәсім барысында жас полицейлер Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ант берді.

Іс-шараға департамент басшылығы мен ардагерлер кеңесінің өкілдері қатысып, жас қызметкерлерді маңызды қадаммен құттықтады. Олар полиция қызметінің үлкен жауапкершілікті талап ететінін атап өтіп, жас мамандарға қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, халықтың сенімін ақтауға тілектестік білдірді.

Ант қабылдау – әрбір полиция қызметкерінің өміріндегі маңызды кезең. Бұл – Отанға адал қызмет етуге, заңды құрметтеуге және ел тыныштығын қорғауға берілген серт.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру