Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері ауыл тұрғынына ұрланған тракторын тез арада тауып берді

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына ұрланған тракторын тез арада тауып, қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теректі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шаруа қожалығына тиесілі МТЗ-82,1 тракторын ұрлап кеткен азаматты ұстады.

Ер адам құлыпты бұзып, көлік тұрған жерге кіріп, сол жерден тракторды қыздырып, айдап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрланған тракторды тоғай ішіне жасырған күдіктіні ұстады.

Трактор иесіне қайтарылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, жыл басынан бері облыста 33 көлік ұрлығы тіркелсе, оның барлығы да ашылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру