Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері тұрғынды тонап кеткен күдіктіні аяқ киімнің ізі арқылы қолға түсірді

БҚО полицейлері тұрғынды тонап кеткен күдіктіні аяқ киімнің ізі арқылы қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсан күні сағат 06:45 кезінде Шаған полиция бөлімінің кезекшісіне азиат нәсілді белгісіз біреу Х.Доспанова көшесінде 47 жастағы әйелдің сөмкесін жұлып алып, оқиға орнынан ғайып болған. Сөмкенің ішінде телефон, банк карточкасы, ақша және 6 мың теңге ақшасы болған екен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, “ізін суытпай” күдіктінің ізіне түседі. Аталған іске барған 28 жастағы Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды.

Тәртіп сақшылары күдіктінің артынан аяқ киімінің іздері бойынша түседі. Табанындағы іздер күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жетелеп алып барады. Полиция қызметкерлері із бойынша 4 шақырым жүріп барған.

Ұрланған заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру